ECY
 

Өмір даналығы

Адамзат өз тарихында ұрпақтан ұрпаққа таратып келе жатқан мұра – даналардың ойлары, нақыл сөздер, беделді адамдардың ой-пікірлері, өсиет әңгімелер, мақал-мәтелдер көпшілік адамдардың өмірлік ұстанымына айналып, айрықша құндылыққа ие екені баршамызға аян. Олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүкіл адамзаттың «алтын қорына» айналып, мемлекеттер, халықтар мен қоғамдардың, сондай-ақ жекелеген адамдардың мінез-құлқын, өнегесі мен өмір салтын қалыптастырады. Ұлы сөздің күш-қуатының ақыл мен адамдардың жүрегін билейтінін ертедегі ғұламалар мен қазіргі ойшылдар, саясаткерлер, ақындар, діни уағыздаушылар мен жаңа ақиқаттың пайғамбарлары түсінгелі қашан. Нақыл сөздердің бір ауыз сөзге таудай мағына мен терең ойды сыйдыруы – адам санасына әсер етпей қоймайтыны сөзсіз. Тарих ағымы мен адамзаттың өмірінде шешуші орын алатын ең танымал, халық арасына кеңінен таралған ойлар мен пікірлер, діни өсиеттер, саяси және заңдық формулалар нақыл сөз түрінде берілген: «Өзіңді қалай сүйсең, өзгені де солай сүй», «Еңбек етсең - емерсің», «Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа дайын бол», «Тамшы тама берсе тас жарады», «Соңғы түйенің жүгі ауыр», «Демократия – бұл ең алдымен рәсім».

Нақыл сөздер
бұл жерден ертедегі ұлы ғұламалардың ой-пікірлерін таба аласыз. Нақыл сөздер адамзат өз ойларын жаза білген уақыттан бері белгілі, ертеден келе жатқан ұлы сөздер. Әр заманың ойшылдарынан қалып, халықтың аузында жүрген бұл сөздер бізге жетіп, бізден кейінгі ұрпаққа мұра болып қалмақ. Нақыл сөздердің терең мән-мағынасына қарап, мыңжылдықтар өтсе де, адамның өзгермегенін аңғаруға болады.

Мақал-мәтелдер
бұл бөлімнен әлем халықтарының мақал-мәтелдерін таба аласыз. Халық әндері, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, тапқыр сөздермен қатар мақал-мәтелдер – халық даналығы, оның жүрегі. Мақал-мәтелдердің қаншалықты маңызды екенін, мақалдың өзі туралы мақал-мәтелдердің көптігіне қарап-ақ айтуға болады: «Мақал-мәтел – сөз мәйегі», «Шешеннің тілі – шебердің бізі», «Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар», «Сөз сүйектен өтеді».

Өсиет әңгімелер мен алып-қашпа сөздер
Өсиет әңгімелер — жай ғана әңгіме, мәтін емес. Әрбір өсиет сөздің астарында терең ой мен мән-мағына жатыр, өзіміз өмір сүріп жүрген үлкен Әлемнің тылсым құпиялары мен құбылыстарын түсіндіретін ақиқат бар. Дәл осы өсиет әңгімелер арқылы өмір заңдарына жол ашуға болады. Әдетте, айтылған өсиет адамның жүрегіне барып қадалады. Әбу-Фарадж өсиеттерді сананы тазартып, жүректен қайғы мен қасіретті қуатын әңгімелер атаған. «Қайғыға батқандарды жұбатып, жаралы жүректі жай таптыратын, нақыл сөздерді ұнататындар үшін жол сілтеуші, ал күлкіні сүйетіндер үшін таптырмас досқа айналсын», - деген екен.





  • ЖЕК ҚБ жастар мәселелері бойынша жас ғалымдар мен журналистердің арасында эссе (шығарма) сайысын жариялайды.
  • «Жастардың еуразиялық конгресі» ҚБ  «Денсаулықтың құпиясы» аталатын жаңа жобаны ұсынады
  • «Махаббат бұлағы» қоғамдық қоры, «Жастардың еуразиялық конгресі» ҚБ «Apple City Distributors» ЖШС қолдауымен, «Өмірге жолдама» білім гранттары бағдарламасына қатысу үшін жаңа өтінімдерді қабылдауды бастайды.
 
 

Content on this page requires a newer version of Adobe Flash Player.

Get Adobe Flash player

 
Бейне
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
 
 
 
Copyright 2010 (C) Eurasia Congress Of Youth. All rights reserved