|
«Жастардың еуразиялық конгресі» ҚБ «Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру жұмысына қосылды.
Жобаның мақсаты:
ауыл аймақтарының кадрлық күш-қуатын әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіп кешенінің мамандары сияқты қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуіне қолдау көрсету.
2009 жылы қаңтардың 1-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған № 111-IV «Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі әлеуметтік сала қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік қолдау көрсету туралы кейбір заңдық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңы күшіне енді.
Жобаның міндеттері:
- жоғарыда аталған Заңды іске асыру мақсатында оқу оқитын және жұмыс істейтін жастардың арасында идеологиялық және ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
- ауылдың беделін көтеру;
- ауыл аймақтарының кадрлық күш-қуатын әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіп кешенінің мамандары сияқты қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге жәрдемдесу
Республика бойынша 2009-2011 жылдардағы әлеуметтік сала мамандарына деген сұраныс 26 584 адамды құрады.
Заң бойынша ауылдық елдімекендерге тұрғылықты жұмыс істеу үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына төмендегдей әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі:
- 70 АЕК мөлшерінде бір реттік көтерме жәрдемақы төлеу (90.000 теңгеден астам);
- Тұрғын үй мәселесін шешуде әлеуметтік қолдау көрсету – 15 жылдық мерзімге 0,01% сыйақы мөлшерімен 630 АЕК көлемінде бюджеттік несие беру (900.000 теңгеден астам);
- Ауылдық жерлерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысын 25% көтеру.
Толық ақпарат алу үшін бізбен мына байланыс телефоны арқылы хабарласуыңызға болады: + 7 (727) 356 07 10
|