ECY
 

Серіктестер

«Махаббат бұлағы» қоғамдық қоры2003 жылы құрылған саудалық емес ұйым болып табылады. Қор қайырымдылық жасаушылар, қарапайым азаматтар мен кәсіпкерлердің қайырымдылық шараларын жүргізуіне қолайлы жағдай жасау, Қазақстан Республикасында қайырымдылық дәстүрі мен мәдениетін қалыптастыру мақсатында құрылған.
www.springoflove.org

   
   

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті – мемлекеттік білім беру гранттары мен келісімшарт негізінде көпдеңгейлі жүйе бойынша оқу, зерттеу және іскер бағдарламаларды іске асыратын еліміздің жетекші экономикалық жоғары оқу орны: жоғары оқу орнына дейінгі білім беру – колледж – бакалавриат – магистратура – MBA бағдарламасы бойынша магистратура – PhD бағдарламасы бойынша докторантура – қайта даярлау және кәсіби деңгейді көтеру.
http://www.kazeu.kz/

   
   

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ветеренарлық санитария және зоотехнология факультеті. «Мал шаруашылығы технологиясы» факультеті 1930 жылы Ветеренарлық институттың Ветеренарлық-зоотехникалық институт болып өзгеруіне байланысты Қазақ аудандық комитеті Бюросының шешімімен ашылды. Нарықтың қажеттіліктер мен жекелеген шаруашылық субъектілерінің тарапынан мал шаруашылығы мамандарына деген қызығушылығын ескере отырып, факультет ұжымы ауыл шаруашылығы өндірісі мен аграрлық ғылым саласында сұранысқа ие жоғары кәсіби мамандарды дайындауға бар күшін салып отыр.

   
   

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің экономика коледжінің негізі 2002 жылы қаланып, білім беру нарығында өз орнын тапты. Колледждің басты мақсаты – жеке тұлғаның тілек-мұқтажы, сондай-ақ экономика мен әлеуметтік саланың жоғары деңгейлі мамандарға деген қажеттіліктерін ескере отырып, орта мектеп бітірушілер мен техникалық, кәсіби және орта білім беретін мекемелердің түлектеріне сапалы білім беру болып табылады.
http://www.kazeu.kz/colledge_ru.html

   
   
Gateway Gateway Ventures (CA) Ltd - Гэйтуэй Венчерс (СА) ЛТД Компаниясы мұнай-газ өндірісі, теңіз және жағалық барлау, тау-кен өндірісі, электр энергетикасы саласы мен өндірістің өзге салаларында өнеркәсіптік тауарлар мен өндірістік-технологиялық қызмет көрсетулердің әлемдік деңгейдегі жетекші жабдықтаушысы болып табылады.Гэйтуэй компаниясы әлемнің шалғай жатқан энергетикалық нарықтарына өндіріс пен қызмет көрсетудің әлемдік стандарттарын жеткізу арқылы ірі мұнай-газ компаниялары мен олардың мердігерлерімен тығыз ынтымақтастық орнатты.
www.gvcal.com
   
   
arzan-service

Apple City – жоғары сапалы өнімдер және қызмет көрсетулермен жабдықтайтын Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші компаниялардың бірі. Apple City Distributors компаниясы Procter & Gamble және Gillette сияқты белгілі компаниялардың өнімдерін сатумен айналысады. Apple City компаниясының мақсаты –жоғары сапалы қызмет көрсетулер мен тауарларды ұсына отырып, тұтынушылар үшін қоғамның дамуы мен гүлденуіне жол ашатын құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
www.applecity.kz

   
   
arzan-service

Основной целью «Жас Отан» ЖҚ басты мақсаты – Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық, саяси және өзге жағымды жағдайларды жасау, жастардың рухани-өнегелік, интеллектуалдық мүмкіндіктері мен күш-қуатын, әлеуметтік дәрежесін, экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін көтеру болып табылады.
www.zhasotan.kz

   
   
arzan-service

Заң шығару ісіне тарту жөніндегі жастар орталығы (КИМЭП Жастар Парламенті) Қазақстан Республикасының Парламенті мен Ресей Федерациясының Омбы облысының үкіметтік құрылымдарында іс-тәжірибеден өткен студенттермен жұмысты жалғастыру мақсатында 2004 жылы құрылған болатын.
www.zhasorda.kz

   
   
arzan-service

Алматы облысының балалар құқығын қорғау ДепартаментіШешуші басымдықтары: жергілікті деңгейдегі ведомствоаралық ынтымақтастыққа жетекшілік ету, Қазақстан Республикасының Заңы мен бала құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес балалардың құқықтарын іске асыруға бағытталған іс-шаралар кешенінің жүргізілуін қадағалау; «әлеуметтік» жетімдік, балаларға зорлық-зомбылық көрсету және балаларды жұмыс күші ретінде пайдаланудың алдын алу және болдырмау; ауыр жағдайда қалған балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жағдай жасау болып табылады.
www.bala-kkk.kz/ru

   
   
arzan-service

«Қырғызстан студенттерінің альянсы» қоғамдық бірлестігі2008 жылдың 29 қазанында ресми тіркеуден өтті. «Қырғызстан студенттерінің альянсы» ҚБ Төрағасы – Жолдошев Данияр Маматалиевич. Бірлестіктің қатарында Бішкек қаласының оқу оқитын жастарының ішіндегі ең белсенді деген 500 студент бар. «Қырғызстан студенттерінің альянсы» ҚБ басты мақсаты: қырғыз студенттерін қоғамдық өмірге белсенді қатысуға тарту; студент жастардың құқықтары, мүдделері мен еркіндігіне қатысы бар барлық бастамаларға қолдау көрсету; студент жастардың қиын мәселелерінің шешілуіне қоғамның назарын аудару; қажетті ресурстарды тарту арқылы студент жастардың мәселелерін тиімді шешу.
www.studentter.org

   
   
arzan-service

«Қазақстан студенттерінің альянсы» » республикалық студенттер қозғалысының негізгі мақсаты (ары қарай – ҚСА) – тәуелсіз Қазақстанды құру үрдісіне ат салысып отырған оқу оқитын студент жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін іс жүзінде шешетін ұйым ретінде ҚСА қоғамға танымал ету.
ksa-ask.kz/

   
   
arzan-service

М.Тынышбаев атындағы ҚазККА» АҚ- теміржол, автокөлік, су және құбыр көліктері саласындағы 50 мамандық бойынша инженерлік кадрларды дайындайтын еліміздің ірі жоғары оқу ордаларының бірі. Оқу үрдісін 25 кафедраға бөлінген 1000 астам кәсіби оқытушылар ұйымдастырады, сондай-ақ оқытушылардың 54% ғылыми дәрежелері бар. Оқу орнының студенттерінің саны 12 мың адамды құрайды.
kazatk.kz/

  • ЖЕК ҚБ жастар мәселелері бойынша жас ғалымдар мен журналистердің арасында эссе (шығарма) сайысын жариялайды.
  • «Жастардың еуразиялық конгресі» ҚБ  «Денсаулықтың құпиясы» аталатын жаңа жобаны ұсынады
  • «Махаббат бұлағы» қоғамдық қоры, «Жастардың еуразиялық конгресі» ҚБ «Apple City Distributors» ЖШС қолдауымен, «Өмірге жолдама» білім гранттары бағдарламасына қатысу үшін жаңа өтінімдерді қабылдауды бастайды.
 
 

Content on this page requires a newer version of Adobe Flash Player.

Get Adobe Flash player

 
Бейне
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
 
 
 
Copyright 2010 (C) Eurasia Congress Of Youth. All rights reserved