ЖЕК туралы
|
|
ЖАСТАРДЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ КОНГРЕСІ – қоғамдық, саудалық емес бейсаяси ұйым, ал оның басты мақсаты - жастарға өмірден өз орындарын табуға көмектесу, сондай-ақ жастардың шығармашылық және интеллектуалдық күш-қуатын дұрыс арнаға бағыттау үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
ЖАСТАРДЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ КОНГРЕСІ Жұмысшылар және ЖОО білім алып жүрген жастар қауымына арналған бағдарламалар мен жобаларды іске асырады. Бұл білім беретін, дамытатын, ұлтжандылықты тәрбиелейтін, сонымен қатар, бос уақытты тиімді пайдалануға арналған мәдени және спорттық бағдарламалар мен жобалар.
Жастармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудағы ЖЕК іс-әрекетінің негізгі бағыттары мынадай:
- жастардың қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері, клубтары және жастар белсенділерімен жұмыс істеу;
- жастардың бойында ұлтжандылық сезімін тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
- жастарды жұмыспен қамтамасыз ету және бос уақытты пайдалы істермен шұғылдандыру;
- салауаттты өмір салтын насихаттау;
- жастарға заңдық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер бойынша көмек көрсету және жастар ортасында құқықбұзушылықтардың алдын алуды ұйымдастыру;
- жас отбасы мен жас мамандарға көмек көрсету;
- аймақаралық және халықаралық жастар ынтымақтастығы;
- жастармен жұмыс істейтін мамандарға ақпараттық қолдау көрсету.
ЖЕК негізгі міндеттері:
- жас азаматтардың инновациялық күш-қабілетінің іске асу механизмін қалыптастыру;
- жастарды өмірлік іс-әрекеттің негізгі салаларындағы құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- жас мөлшеріне қатысты әлеуметтік дәрежелеріне байланысты шектеулердің орнын толтыру мақсатында жас азаматтардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуының тиімді жүйесін құру;
- жастарға білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік сияқты салалардағы дербес іс-әрекетті бастауларына жағдай жасау;
- мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі бағдарламалар, жобалар мен іс-шараларды құру және іске асыру барысында жастардың құқықтары мен мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету;
- жастардың тұрғын үй мәселелерінің шешілуіне көмектесу, әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын жас отбасы мен жастарға әлеуметтік қолдау көрсету;
- балалар мен жастарға арналған қоғамдық бірлестіктер мен олардың жобаларына қолдау көрсетудің тұрақты жүйесін құру.
ЖЕК негізгі мақсаттары:
- жас мамандандырылған қауымдастықты еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тарту және ақпараттандыру арқылы Қазақстандағы мәдениет пен кәсіби сауаттылықты қалыптастыру;
- жастар қауымдастығын ҚР қоғамдық-саяси даму үрдісіне ат салысуға тарту;
- өз ісін жетік меңгерген кәсіпқойлар үшін қолайлы жағдай жасау;
- қоғамға қатысушыларының арасындағы ақпарат алмасуға көмектесу;
- заңды және жеке тұлғалардың ҚР жүріп жатқан қоғамдық-саяси үрдістер туралы объективті түрде ақпарат алуына жәрдемдесу;
- қоғам мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру;
- қоғамның барлық мүшелерінің құқықтарын қорғау және мониторинг жүргізу;
- жастар орталықтарын дамыту мен еңбек биржаларына қолдау көрсетуді ғана емес, сондай-ақ жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға (әсіресе, мүмкіндіктері шектеулі жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу) қол ұшын берумен қатар , жастардың жұмыспен қамтылуына ат салысу;
- поддержка творческих инициатив детей и молодежи, формирование их мировоззрения на принципах духовности и общечеловеческих моральных ценностей, (включая патриотическое воспитание детей и молодежи);
- жастар мен балалардың шығармашылық бастамаларын қолдау, руханият пен жалпы адамзаттық құндылықтардың қағидаларына негізделген көзқарасты қалыптастыру (жастар мен балалардың бойында ұлтжандылық сезімін тәрбиелеуді қоса алғанда);
- жастар мен балалардың әлеуметтік-құқықтық мәдениеті мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ, алға қойған міндеттердің бірі ретінде – нашақорлық пен ВИЧ/ ЖҚТБ (СПИД) ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
- отбасы институтын нығайту, Орталық Азиядағы демографиялық жағдайдың жақсаруына ықпал ету;
- Азия жастарының еуропалық қауымдастыққа сіңісу үрдісін күшейту.
Еліміздің жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, жастарға дайын жастар бірлестігімен, мемлекеттік билік органдарымен, іскер қауымдастықтармен және БАҚ ашық байланыс орнатуға мақсатында әрқашан қол үшін беруге дайынбыз.
ЖЕК – жастар үшін жиналған жастардың ұйымы. Бізбен бірге әрбір жас тұлға өмірден өз орнын табатыны сөзсіз.
Біз әрқашан ынтымақтастық пен жаңа ойларды іске асыруға дайынбыз!
Біздің қатарымызға, ЖАСТАРДЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ КОНГРЕСІНІҢ қатарына қосыл!!!
БОЛАШАҚ – БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА! ҚОЛ ҰСТАСЫП, СӘТТІЛІККЕ ҚАДАМ БАСАЙЫҚ!!! |
|
|
|
|