Жастар мәселелері бойынша эссе сайысы
|
|
ЖЕК ҚБ жастар мәселелері бойынша жас ғалымдар мен журналистердің арасында эссе (шығарма) сайысын жариялайды.
Сайыстың мақсаты – жастарды өз ойларын білдіруге тарту және жастардың құқықтары мен мәселелерін бекіту және іске асыру істері бойынша сыни ойлау қабілетін ынталандыру болып табылады. Сайысқа қатысушылар өз эсселерінде тақырыпты/мәселені өзіндік түйсінулерін, сондай-ақ осы мәселе бойынша өз көзқарастарын білдірулері тиіс.
Сайысқа қатысуға шақырылатындар:
14 - 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары.
Сайыстың ережелері:
- Эссенің атауы болуы тиіс
- Эссе автордың түпнұсқалық жұмысы, бірақ бұрын еш жерде жарияланбаған (немесе басып шығару үшін тапсырыс берілмеген) болуы тиіс. Сайысқа Интернеттен көшірілген немесе өзге авторлармен жазылған жұмыстардың қатысуына жол берілмейді.
- Эссе келесідей қалыпқа сәйкес келуі тиіс: MicrosoftWord файлы, мәтіннің қаріпі Times New Roman, қаріптің өлшемі 11-12 пт., аралығы - бір жарым, мәтіннің көлемі 3 000 сөзден аспауы тиіс.
- Эссе тақырыптың әлдеқайда жақсы қабылдануына көмектесетін көрнекі (кестелер, графиктер, суреттер және т.б.) және өзге салымдардан тұруы мүмкін.
Эссені бағалау талаптары:
- алға қойылған тақырыпты түсіну және тақырыптың мәнін білу;
- өз көзқарасын дәлелдер арқылы баяндау қабілеті;
- өзгелердің көзқарастарын көре білу, оларды білдіру құралдарын сараптау қабілеті;
- ойдың өзіндік ерекшелігі мен оның өмірлік жағдайларда қолданылу мүмкіндігінің болуы;
- баяндау үйлесімділігі мен саналылығы, тілдің дәлдігі мен байлығы, сауаттылық.
Сайыстың өткізілетін уақыты мен сыйлықтары
Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі – 30 сәуір 2011 жыл, Астана уақыты бойынша 24.00 сағат.
Эссе сайысының сыйлықтары - дипломдар мен естелік сыйлықтар.
Эссені тапсыру рәсімі
Эссе мына электрондық поштаға жолдануы тиіс: Adelova_s@mail.ru. «Хабарламаның тақырыбы/Subject» жолында «эссе сайысы» деп көрсетіңіз немесе 050100, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қабанбай батыр көш., 7а, «Жастардың Еуразиялық Конгресі» ҚБ мекен-жайына «Эссе сайысы» белгісінің қойылуымен тапсыруыңызға болады.
Эссе рецензияланбайды және қайтарылмайды. ЖЕК эссені бағалау бойынша қандай да бір түсініктемелер бермейді.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, сайыстың үйлестірушісі Аделова Саулемен мына электрондық пошта: Adelova_s@mail.ru немесе +7 (727) 3560710 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.
Эссе сайысының жеңімпазын мараппаттау
Ең үздік эссе авторлары мен жеңімпаздардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі. Дөңгелек үстелдің аяқталуынан кейін жеңімпаздарды марапаттау жүзеге асырылады.
Сайыстың қорытындылары www.eurasiacongress.org сайтының «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланатын болады. Сайысты ұйымдастырушылар сайыс жеңімпаздарымен сайыс қорытындылары жарияланған күннен бастап 3 күннің ішінде байланысады. Сайыс комиссиясы бірнеше жеңімпаздарды таңдауы мүмкін. |
|
|
|
|